Алматыда арты атысқа айналған төбелес: тағы бір адам ұсталды

11:53, 5 маусым 2020

Алматыда арты атысқа ұласқан төбелестің белсенді қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "қару қолдану арқылы бұзақылық жасады" деген күдікпен жаппай төбелестің 1994 жылғы тағы бір қатысушысы ұсталды.

Атап айтқанда, ол қарсыласы - 37 жастағы азамат Ж.-ның аяғына пышақ сұғып, қылмыс орнынан қашып кеткен. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыс негізінде тергелуде, - деді Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақов.

Бұған дейін Алматыда екі ер адам, сонымен қатар кездейсоқ көшеде кетіп бара жатқан адам да арты пышақтасу мен оқ атуға айналған төбелес кезінде жарақат алғандығы туралы хабарланған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!