Алматыда анықталған жаңа науқастардың төртеуі Минскіден, екеуі Мәскеуден келген

12:11, 27 наурыз 2020

Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирустық инфекциясы бар пациенттердің 48 расталған жағдайы анықталды, қаланың Қалалық жұқпалы аурулар стационарларында 47 пациент бар және 1 пациент сауығып жазылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңадан анықталған бес адамның ішінен төртеуі 26 наурызда Минск-Алматы рейсімен ұшып келді, екеуі 26 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келді.

Ауырғандардың бірі 15 наурызда Ыстамбул – Алматы рейсімен ұшып келді, 18 наурызда жақын байланыс жасаушы ретінде оқшауланған, бастапқы талдау қорытындылары теріс нәтиже берген. 2020 жылғы 26 наурызда талдауды қайта тапсырған кезде оң нәтиже шықты, осы уақыт бойы ол оқшаулауда болды.

Жалпы 45 науқас жай-күйі – қанағаттанарлық, ӨЖЖ аппаратындағы әйелдің жағдайы ауыр және 1 балада ауырлығы орташа дәрежеде жақсаруда.

Бір пациенттің кеше шығарылғандығын естеріңізге сала кетейік. Бұл пациент енді емхана қызметкерлерінің 14 күндік бақылауымен үйде жатыр.

Қазіргі уақытта провизорлық орталықтарда 1099 адам бар, оның ішінде 72-і – бала. Карантиндік орталықтарда 471 адам бар. Үй карантинінде 2037 адам бар.

Карантиндегі барлық адамның дене температурасы қалыпты жағдайда, катаралдық симптомдары жоқ.

Елге қайсыбір елден ұшып келсе де, талдаулар тапсыру үшін екікүндік карантинге орналастырылатындығын естеріңізге сала кетейік. Мұндай шаралар халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін қабылданды. Олардан COVID-19-ға талдаулар алынатын болады, егер инфекция расталмаса, олар үйлеріне шығарылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!