Алматыда анасынан көз жазып қалған қыз табылды

20:19, 30 маусым 2022

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда Метрополитен полиция қызметкерлері жоғалған қыздың анасын тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метрополитендегі ПБ кезекшісінің көмекшісі Усманов Бауыржан Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында 3-4 жастағы бір қызды байқайды. Жылап жүрген қыз өз есімі Айша екенін айта алды.

Бірнеше сағат жедел іздестіру шараларынан кейін жоғалған қыздың анасы табылды.

Әйел адам жаяу келе жатып, қасындағы қызының артта қалып кеткенін байқамай қалған, тек бірнеше квартал өткен соң зар илеп қалған. Бала ата-анасына аман-есен табысталды. Полицейлер әйел адамға өте мұқият болуды тапсырды. Ол өз кезегінде полицейлерге шұғыл әрекеттері үшін алғыс білдірді. Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!