Алматыда анасын аяусыз ұрған ер адам сотталды

23:55, 16 тамыз 2022
462

© Сурет: Zakon.kz

Келін мен ене арасындағы жанжал үстінен түскен мас күйдегі ер адам анасына тап берген. Бейнебақылау жазбасынан оның алдымен анасын буындырып, жерге құлатып, балдақ сынғанша ұрғаны анық көрінеді. Осыған қарамастан, сот отырысында анасы ұлына кешірім берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Алматының Алатау ауданындағы Жезқазған көшесінде болған. Анасын аяусыз ұрған 50 жас шамасындағы күдікті бейнежазба арқылы анықталып, ұсталғаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп мәлімдеді almaty.tv тілшілері.

3 ай өткеннен кейін сот отырысы өтті. Онда жәбірленушіден бөлек, айыпталушы мен оның адвокатынан жауап алынды.

Алатау аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Дінмұхамед Маханбетқұлдың айтуынша, сот-медициналық сараптамаға сәйкес жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтірілген. Сотталушы жасаған қылмысын толық мойындап, өкінетіндігін айтты.

Ұлы қанша жерден қорлық көрсетсе де, анасы баласына кешірім берді.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Смирнов Александр Владимирұлын кінәлі деп танып, ҚР ҚК 107-баптың 2-бөлігі 3және 5-пунктіне сәйкес, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалсын. Дәл сондай мерзімде 100 сағатқа мәжбүрлі жұмысқа тартылсын.Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова

Айыпталушы бұл талаптарды орындамаса, жазасын темір торда өтейді. Одан бөлек, ол полиция бақылауында болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!