Алматыда «ақша алып шығамын» деген ер адам таксистке пышақ ала жүгірген

12:48, 15 қаңтар 2020
430

Алматыда мас адам такси жүргізушісіне пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 қаңтарда таксист екі баласы бар отбасылық жұпты Шұғыла ықшамауданы маңынадағы үйге апарған. Жолда баланың бірі көлік ішіне құсып қойған, сондықтан жүргізуші олардан қосымша ақы талап еткен. Осы мас жолаушы мен жүргізуші арасында туындаған жанжалға түрткі болған.

Ақырында ер адам үйден ақша алып шығатын болып, оның орнына ұялы телефонын қалдырып, балалары мен жұбайын алып таксиден шығып кеткен.

"Шамамен 5-7 минуттан кейін ер адам аулаға шығып, жүргізушіге жақындап келіп, екі рет пышақ сілтеген. Біріншісі білектің астына, екіншісі қарнына тиген. Содан кейін жәбірленуші Б пышақ ала жүгірген еркектен қашып құтылған, деп хабарлады баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!