Алматыда айыппұлы бар жүргізушілер үшін "қауіпті кезең" басталды

17:38, 22 тамыз 2019
165

Алматы қалалық Әділет департаменті жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы, прокуратура және полицейлермен бірге "Борышкер" шұғыл профилактикалық шарасын өткізуде, деп ескертеді kolesa.kz.

Жолда борышкерлерді ұстау үшін олар көлікті мемлекеттік нөмірі арқылы анықтайтын "Крис-П" және "Поток-М" мобильді кешендерін қолданады.

Айыппұлдан жалтарғандардың темір тұлпары айып тұрағына жіберіліп, қарыз төленбейінше иесіне қайтарылмайды.


Источник: zakon.kz


Пікір