Алматыда адвокат 315 мың доллар алу үстінде ұсталды

15:19, 18 ақпан 2019

Бас прокуратура қызметкерлері бірнеше қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасаған бірнеше қылмыстық топты құрықтады.

"Аталған тұлғалар "Bank RBK" және "Казкоммерцбанк" банктерінен ақша жымқыруға қатысты қылмыстық іс бойынша жауап беруі тиіс куәгерлер мен күдіктілерден ақша бопсалаған. Қылмыстық жауапкершіліктен босатамыз деген уәдемен алдаған", – деп түсіндірді Бас прокуратура.

16 ақпанда 315 мың доллар алу кезінде Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты Әлімбетов пен Аманғалиева деген азаматша ұсталды.

"Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың қаңтар айында талап еткен 1 млн доллардың 500 мың долларын алу кезінде Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Искаков және жұмыссыз Әлпиев пен Сүлейменов ұсталған болатын. Жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы өз айыбын мойындап отыр, өз әрекеттерін жылдам байып кетуге деген құштарлығымен түсіндіреді", – деді Бас прокуратураның өкілдері.

Сонымен қатар, Бас прокуратураның өкілдері "прокуратура органдары тарапынан тергеу жүріп жатқан істер бойынша Сізден біреулер ақша талап етсе, Сіз 8(7172)71-22-55, +7-701-770-88-99 телефондары бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеулер департаментіне хабарласа аласыздар. Құпиялыққа кепілдік беріледі", деп ескертеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!