Алматы жедел жәрдем диспетчерінде 17 қызметкер коронавирус жұқтырды

14:56, 2 маусым 2020

Алматы жедел жәрдемінің баспасөз қызметі 17 диспетчердің коронавирусқа шалдыққанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдемде қазір 3 607 адам жұмыс істейді. Диспетчерлер саны – 98.

"COVID-19-ға қатысты жағдай бойынша, диспетчерлік бөлімде 1 маусымдағы жағдайға сәйкес – 17 диспетчерден коронавирус расталды. Жұқпалы аурулар стационарларында сегіз адам жатыр, провизорлық стационарларда тоғыз адам жатыр", – делінеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметі берген хабарламада.

Жедел жәрдем қызметінің баспасөз хатшысы Гүлнар Қатыбаеваның дерегінше, қатынаста болғандар ретінде 15 адам анықталды, олардың арасында қызметкерлердің туыстары да бар. Барлығы оқшауланды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!