«Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша үй алуға мүмкіндігі бар алматылықтар анықталды

17:42, 10 тамыз 2018

Алматыда «2020 жылға дейін жастарға қолдау көрсетудің Жол картасы» аясында жастарға арналған «Алматы Жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі өтті, мұнда 35 жасқа дейінгі жастарға жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем беріледі. Бұл туралы zakon.kz, Алматы қаласының әкімдігі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғын үй комиссиясының шешімімен бағдарламаға қатысушы 200 адам анықталды, олардың барлығы «Алматы Жастары» бағдарламасының іріктеу шарттарынан ойдағыдай өтіп, «Тұрғынүйқұрылысбанкінің» іріктеуіне ие болды. Осыған қатысты тізім www.almaty-zhastary.kz порталында жарияланды.

«Алматы Жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы 2017 жылы басталды. Сол кезде жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген болатын. Түскен 6657 өтініштің 108-і тұрғын үй заемдарын алды. 2018 жылы «Алматы Жастары» жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді.

«Алматы Жастары» бағдарламасының құндылығы төмен проценттік көрсеткіште, яғни жылдық 5 пайыздық несиемен 10 млн. теңгеге дейін заем беріледі. Несиені қайтару мерзімі әркімнің төлеу қабілетіне қарай жеке жүргізіледі, 3-тен 25 жылға дейін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!