Алматы жарықсыз қалды. Әкімдік түсініктеме берді

16:52, 15 шілде 2019

Алматыда сағат 14.30 шамасында жаппай жарық өшті. Осыған қатысты әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарықтың сөнуіне Оңтүстік өңір электр жүйесіндегі, атап айтқанда ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, сондай-ақ Қапшағайдағы су электр стансасындағы ақау себеп болған.Қазір ақаудың нақты неден шыққаны анықталып жатыр. Қайта қалпына келтіру жұмыстары басталып кеткен. Қазіргі уақытта қалаға аудан-аудан бойынша біртіндеп жарық қалпына келтірілуде.

Алматы қаласы әкімдігінің Энергия тиімділік және инфрақұрылымдарды дамыту басқармасы"АлЭС" АҚ-қа тиесілі ТЭЦ-2 стансасында ақау орын алып, қаланың көп бөлігі жарықтан айырылды деп хабарлады.

Қазіргі уақытта бұл стансадағы ақау қалпына келтіріп, қаланың сыртқы айналма жүйесі арқылы қаланы қайтадан жарыққа қосып жатыр. Әр ауданға біртіндеп жарық берілуде. Қаладағы барлық жарық сағат 17.00-де толықтай қалпына келтіретіні де айтылды.

Сол секілді қаладағы бағдаршамдар да жарық өшкен соң 2 сағаттан кейіннен қалпына келтірілді. Бастапқы жарық жоқ кезде қалада жол-көлік полициясының 450 қызметкері жол қозғалысын реттеуге жұмылдырылды. Қаладағы көлік қозғалысына қатысты үлкен мәселе туындаған жоқ, бәрі жақсы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!