Алматы тұрғыны арақ-шарап өнімін қолдан дайындап келген

10:00, 19 мамыр 2020

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2020 жылғы қаңтар айының басында Қалқаман-2 шағынауданы тұрғылықты мекен-жайы бойынша арақ-шарап өнімін қолдан дайындаған Алматы қаласы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеу жұмысын аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында жалған есепке алу-бақылау маркасы жапсырылған 0,5 литр көлеміндегі 1040 бөтелке дайын "Қазақстан" коньягі, 525 қолданылмаған есепке алу-бақылау маркасы, 2 канистр спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар, алкоголь өнімін дайындап, құюға және қақпақтарды өңдеуге арналған аппарат тәркіленіп алынды.

Соттың үкімі бойынша айыпталушы ҚР ҚК 233-бабының 2б. сәйкес (Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану ) кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартумен пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!