Алматы тұрғындарына алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны ескертілді
© Сурет: pixabay.com
Алматы қалалық полиция департаменті оңтүстік астана тұрғындарына Интернеттегі алаяқтықтың жаңа әдісі кең етек алып жатқанын ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.
Қалада "AnyDesk" қашықтан қол жеткізуге арналған мобильді қосымшасын қолдану арқылы жасалатын Интернет-алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті. Қаскөй бөтеннің ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырады, содан кейін телефоныңыз вирус жұқтырғанын және бұл картаңыздағы ақшаға қауіп төндіретінін, мұны телефоныңызға тек "AnyDesk" қосымшасын орнату арқылы жоюға болатынын айтады. Қосымшаны орнатқаннан кейін, ұялы телефоныңыз өзіңізге бағынудан қалып, алаяқтардың иелігіне өтеді, олар өз кезегінде сіздің атңыздан несиелер ашып, содан кейін шоттыңыздағы қаражатты аударып алады, - дейді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз! AnyDesk қосымшасын гаджеттеріңізге орнатпаңыз!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 23 сәуір 2024
Көкшетауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды
-
22:28, 23 сәуір 2024
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды