Almaty Towers кешеніндегі өрт: сот үкімі шықты

16:41, 14 наурыз 2018

Алматыда «Almaty Towers» кешеніндегі өртке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

№2 Бостандық аудандық соты алты адамның өмірін қиып кеткен Almaty Towers-тегі өрт ісіне қатысты үкім шығарды.

Айыпталушылардың орнында екі адам бар - "Батут орталығының" директоры Дәурен Тұяқов және дәнекерлеуші-мердігер Александр Жук.

Сот үкімі бойынша, Тұяқов қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-тармағына сәйкес 4 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Александр Жук та сол бап бойынша кінәлі деп табылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жазаларын қоныс колониясында өтейтін болады. Олар үкімді жариялағаннан кейін сот залында қамауға алынды.

«Almaty Towers» бизнес орталығында өрт 2016 жылдың 6 қарашасында болған. Ғимараттан 80 адам құтқарылды. Өрт аумағы 1800 ш.м. Өрттің салдарынан бір адам қаза тапты, келесі күні үйінділердің арасынан тағы бес адамның денесі табылды. Олар Алматы жоғары оқу орындарының студенттері болатын. Тергеу барысында өрт шыққан "Батут орталығының" директоры ұсталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!