Алматы тауында денесі табылған студент жігіттің өліміне не себеп болғаны айтылды

15:17, 22 мамыр 2020

Алматы қаласы полициясының бастығы Қанат Таймерденов жоғалып, кейін таудан денесі табылған студент жігіттің неден қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол жақында денесі таудан табылған жігіттің отбасына көңіл айтты.

Полиция бастығы іздестіру жұмыстарына полициядан бөлек волонтерлер де қатысқанын атап өтті. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Жас жігіттің өліміне алдын-ала себебі - суицид.

Айта кетсек, 21 мамырда үйден шығып, қайтып оралмаған 19 жастағы Ілияс Егізбаевтың Алматы тауында өлі денесі табылғаны белгілі болды. 19 мамырда ол отбасына серуендеуге баратынын айтып, үйден шығып кеткен. Отбасында жанжал болмаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!