«Алматы Су» абоненттеріне жағымды жаңалық жеткізді

12:26, 17 қараша 2025

© Фото: pexels

"Алматы Су" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын (МКК)2025 жылдың 17 қарашасында суық су және кәріз қызметтерін тұтынушыларға маңызды ақпарат таратты. Онда суық су бойынша түбіртектерді қашықтан рәсімдеу мүмкіндігі туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың мәліметінше, алматылықтар онлайн режимде өз бетімен:

  • тұрғын үйде тіркелген адамдардың санын өзгерте алады;
  • "Алсеко" түбіртегін баспана иесінің атына рәсімдей алады.
"Барлық әрекеттерді коммуналдық кәсіпорындардың кеңсесіне бармай-ақ, ialma.kz порталы арқылы онлайн жасауға болады", – деп мәлімдеді "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі.

Бұған дейін мамандар суық су есептегішінің көрсеткіштерін ай сайын 25-іне дейін үш түрлі тәсілмен беруге болатынын хабарлаған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!