Алматы облысының Полиция департаментінде 240 астам тергеуші қызмет етеді

12:00, 6 сәуір 2020
476

Ағымдағы жылдың 6-сәуірінде еліміздің ішкі істер органдарындағы тергеу бөлімшелерінің құрылғанына 57 жыл толды, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Осы датаға орай Алматы облысының полициясы Тергеу басқармасының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.

Тергеушінің жұмысы – өте маңызды және жауапты қызметтердің бірі. Қылмыстық істің нәтижесі тергеушінің кәсіби шеберлігіне тығыз байланысты. Ең бастысы, оның жұмысы адамның тағдырына тікелей ықпал етеді. Құқықтың пайда болу сәтінен бастап, барлық ғасырларда қылмысқа қатысы бар күдіктінің кінәсін толық дәлелдеу талап етіледі. Осы мақсатта іс бойынша деректерді жинау, оларды жүйелеу - тергеушілердің негізгі міндеті болып табылады. Ақиқатқа қол жеткізетін тергеушінің күнделікті әрі тынымсыз еңбегі шыдамдылықты, ұқыптылықты және өзге де қасиеттерді талап етеді, - дейді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болат Теңізбаев.

Тергеуші мамандығының қызығымен қатар өз қиындықтары да бар. Соған қарамастан, бұл мамандықты ерлер мен қатар нәзікжандылар да игеріп, қызметтерін мүлтіксіз атқаруда. Қазіргі таңда Алматы облысында 240 астам тәртіп сақшысы қылмыстардың қыр-сырын анықтауда аянбай еңбек етіп жүр.

Мереке қарсаңында Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының атынан барлық ІІО ардагерлерін және тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін, әріптестерімді тергеу органдарының құрылуына 57 жыл толу кәсіби мерекемен құттықтаймын. Барлығына денсаулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына табыс тілеймін, - деп толықтырды полковник Болат Теңізбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!