Алматы облысының полицейлері тілдерді меңгеру деңгейін анықтады

17:28, 19 сәуір 2019

Талдықорған қаласындағы "Тіл сарайында" облыстық полицейлер "Қазтест" жүйесі бойынша тестілеуден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілер "Қазтест" жүйесінде тест тапсыруы тиіс. Осы арқылы тілді білу деңгейін анықтаймыз. Қазақ тілін жақсы меңгерген қызметкерлер тиісті сертификат алады. Ал, нашар нәтиже көрсеткендерді оқыту курстарына жіберу туралы ұсыныс енгізіледі»,- деп атап өтті "Тіл" оқу әдістемелік орталығының ұйымдастырушы әдіскері Ләйлә Қазнабаева.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, құқық қорғау органдары тарапынан толтырылатын әрбір құжат мемлекеттік тілде жүргізілетіндіктен, қызметкерлердің барлығы қазақ тілін жетік білу қажет.

"Әрбір қызметкерден мемлекеттік тілді меңгеру талап етіледі. Құжат айналымы, тиісті нормативтік актілер және басқа да құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қызметкерлер қазақ тілімен қатар, ағылшын тілін оқыту курстарына қатысады. Былтыр 21 адам мемлекеттік тілді оқыту курсын тәмамдады. Ал, 2017 жылы 500 астам қызметкер осы жүйе бойынша тестілеуден өткен болатын",- деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Сандуғаш Қасымбаева.

Уақыт талабына сәйкес, халықпен тікелей байланысқа түсетіндігін ескере отырып, полицейлерден үш тілді меңгеру талап етілуде.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, туристік полицияның құрылуына және өңірдегі туризм кластерінің дамуына байланысты шетелдік азаматтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында тәртіп сақшыларының үш тілді меңгеруі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!