Алматы облысының бас полицейі апта сайын эфирге шығып жүр

20:18, 25 ақпан 2021

© Сурет: видеодан кадр

Instagram арқылы апта сайын халықпен онлайн кездесуді жұмыс тәртібіне енгізген Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев бүгін кезекті рет тұрғындардың мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Полиция қызметіне қатысты мәселенің егжей-тегжейін қарастыратын бас полицей полиция бөніністерінің басшылығына тиісті тапсырмалар да береді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін онлайн кездесу барысында 27 жылқысын тәртіп сақшылары тауып, аман-есен қайтарып берген Алматы облысының тұрғыны полиция генералына өз алғысын білдірді. Облыстың басқа тұрғыны 7 малының қолды болғанын айтып, аталған мәселе генералдың бақылауына алынғанын және күдіктілерден ақ-адал малының кері қайтарылғанын атап өтті. Полиция жұмысын жоғары бағалап, алғыс айтқан тұрғындарға көп рахмет, деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі полиция майоры Ақбота Әзірбек.

Генералмен тілдесу үшін тұрғындар сұрақтарын жазбаша да, ватсап желісінде бейнебайланыс арқылы да қою мүмкіндігі қарастырған. Өз мәселесін Жетісу полициясының басшысына айтқан тұрғындардың көп мәселесі облыстық Полиция департаментінің бақылауына алынуда.

Қызметіңізге рахмет! Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз! Осылай тікелей эфир өткізуді апта сайын жалғастыра беріңізші, деген хабарлама қалдырды жазылушылардың бірі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!