Алматы облысындағы жас «бопсалаушылардың» ісі сотта қаралады

09:30, 27 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ісі сотта қаралады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленовтың айтуынша, оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды.

"Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді".Бауыржан Аленов

Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді.

Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген алаяқтың Түркияда ұсталғаны хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!