Алматы облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

10:58, 8 тамыз 2022
199

© Сурет: Zakon.kz

Алматы облысында Audi және Renault көліктері соғылды. Бес адам қаза тауып, үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 тамыз күні сағат 20:40 шамасында Audi автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі «Алматы – Көкпек – Көктал» тас жолымен шығыс бағытта келе жатып, 181 шақырымда тізгінге ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, Renault көлігіне соғылды. Алматы облысының полиция департаменті

Апат салдарынан бес адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Түрлі жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!