Алматы облысында заңсыз есірткі айналымына қатысы бар күдіктілер ұсталды

18:01, 15 ақпан 2019

Арнайы іс-шара барысында Талдықорған қаласының полицейлері облыс орталығының 53 жастағы тұрғынының үйінен 2 килограмға жуық марихуана есірткі заты табылды. Бұл туралы Zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство таратқан ақпарға сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылған арнайы іс-шара барысында ірі көлемде есірткі заттарын сақтау және оны заңсыз айналымға шығару мақсатында әзірлеудің бірнеше фактісі анықталған.

"Сонымен қатар, жақын күндері Көксу ауданының полициясы облыстық әріптестерімен бірлесіп, аса ірі көлемде есірткінің заңсыз айналымының 2 дерегін әшкереледі. Күдікке ілінген екі жергілікті азаматтан төрт килограмға жуық марихуана мен сіріңке қораптарына салынған гашиш тәркіленді",- деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Есірткінің заңсыз айналымына қатысты барлық деректер бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 296 және 297-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!