Алматы облысында заңнама талаптарын сақтамаған қару иелеріне 45 млн теңге айыппұл салынды

17:28, 31 қазан 2018
540

Алматы облысында полиция қызметкерлері қару-жарақ айналымы саласындағы рейдтер мен бақылауды күшейтті. Кез-келген қару иесіне заңнамалық негізде түрлі талаптар мен шектеулер қойылатыны белгілі. Аталған талаптар қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен реттеледі деп жазады zakon.kz.

Дегенмен, қару түрлерін тіркеу немесе оларды есепке қою тәртібін бұзып, салғырттық танытатын азаматтар да аз емес.

«Қару иелерінің заңмен бекітілген міндеттері бар. Өздерінің және еліміздің қауіпсіздігі үшін ол міндеттер мүлтіксіз орындалуы тиіс. Полиция тарапынан бұл талаптардың орындалуы қатаң бақылауға алынған. Тәртіпке бағынбаған қару иелеріне әкімшілік айыппұлдар саламыз. Жыл басынан бері қаруды сақтау, оны тіркеуге қою міндеттемелерін сақтамаудың 1 500 астам дерегі анықталып, азаматтарға 45 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыста халықтан ерікті түрде қару сатып алу бағдарламасы аясында алты миллион теңгеге 147 дана қару сатылып алынғаны туралы жазған болатынбыз. Аңшы мылтығын, ойық мылтықтарды және жарақат салатын қару түрлерін ерікті түрде өткізген халық арнайы бағдарлама барысында сыйақыға ие болды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!