Алматы облысында 1 тәулікте блок-постты айналып өтейін деген 12 адам ұсталды

12:02, 25 наурыз 2020

Он екі адамның карантиндік қадағалау объектілерінен заңсыз жолмен өту әрекеттері сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық бұзушылардың кезекті бір партиясы өткен тәулікте Алматы қаласына іргелес тосқауыл-бекеттерден ұсталған. Олардың ішінде тосқауыл-бекеттерді айналма жолмен өтуге тырысқан азаматтарда бар. Олар бірден анықталды.

"Азаматтар бұрынғысынша, арнайы тосқауыл-бекеттерді түрлі амалдар арқылы өтуге тырысуда. Бұл ретте, олар агрессия, қарсылық және полиция өкілдерінің заңды талаптарына бағынбауға дейінгі сан қилы тәсілдерді қолдануда. Алайда, төтенше жағдай режимін бұзу немесе төтенше жағдайдың жариялануына байланысты талаптарды орындамау 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Бұдан өзге, төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбаған азаматтарға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары, не сол мөлшерде қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп хабарлайды Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Куштыбаев.

Ұсталған азаматтардың барлығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір күдіктілер 5-тен 8 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!