Алматы облысында тәртіп сақшылары заңсыз аңшылықтың бірнеше фактісін анықтады

16:04, 23 қазан 2018

«Алматы қаласының 2 тұрғыны мен облыс тұрғынының автокөліктерінен заңсыз ауланған 2 жануардың еті табылды. Бастапқы нұсқа бойынша ол «Қызыл кітапқа» енген, аулауға тыйым салынған қарақұйрық тұқымдас жануардың еті болуы мүмкін. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында табиғат қорғау өкілетті органдарымен бірлескен рейдтер барысында облыс аумағында полиция өкілдері 3 күн ішінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 35 фактісін анықтаған. Оның ішінде заңсыз аңшылықпен айналысу, рұқсатсыз ағаш кесу және заңсыз балық аулау сияқты тәртіп бұзушылықтар бар.

«Жүргізілген рейдтер барысында 3 күн ішінде 35 құқықбұзушылық анықталып, оның 4 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалған деректер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан 0,16 текше метр сексеуіл, 6 мылтық, атып алынған 3 қырғауыл мен 2 жануардың еті тәркіленді»,-деді Алматы облысы Полиция департаменті ЖПҚ Табиғат қорғау бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Ерлан Куджаков.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!