Алматы облысында пойыз автобусты соқты - қаза тапқандар бар

08:48, 16 қыркүйек 2019

Желіде алапат апаттың видеосы тарап кетті. Көлік кептелісінен көз ашпайтын станцияда толық жылдамдықпен келе жатқан пойыз автобусты соғып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат сағат 19:20-да болды. "Алматы-Қостанай" жолаушылар пойызы 2449-шы шақырымда (Шамалған станциясы) автобуспен соқтығысты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, автобус жүргізушісі сигналдарға қарамастан теміржолға шығып кеткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, екі адам қаза тауып, тоғыз адам жарақат алды.

Оқиға орнына 9 жедел жәрдем мен Төтенше жағдайлар комитетінің 1 бригадасы келді.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл штаб құрды.

Облыстық әкімдік жедел жәрдем көліктері жеткілікті мөлшерде болғанын хабарлады.

Оқиға орнына Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаға байланысты көңіл айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!