Алматы облысында пара алған емхана директорына 5 млн теңге айыппұл салынды

15:50, 23 шілде 2021

© Сурет: zakon.kz

Алматы облысында емхана директоры мен есепшісіне пара алғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкімді 8 шілдеде Талдықорған қалалық соты шығарды.

Қаулыға сәйкес, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық көпсалалы онкологиялық клиникасы" ШЖҚ МКК директоры Д.О.Оралбаев және аталған клиниканың бас есепшісі Жакупбекова Г.А. екеуінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден айыппұл салынды.

Оларға жеке компания өкілінен компьютерлік техникаға қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім-шарт сомасынан 50% көлемін, қалған соманы "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы аясында аударғаны үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді, - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!