Алматы облысында өз баласын өлтірген әйел түрмеге жіберілмейтін болды

13:13, 13 мамыр 2021

© Сурет: polisia.kz

Алматы облысында анасы туған баласын өлтірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 мамырда қылмыстық іс бойынша сот аяқталды. Бұл іс жас баласын өлтірген әйелге қатысты медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жолданған.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша С. "Параноидты шизофрения - F20.0 коды" түрінде созылмалы психикалық ауруға шалдыққан. Оған тағылған айып бойынша іс-әрекет кезеңінде ол параноидты шизофрения түріндегі психикалық ауытқушылық жағдайында болып, өзінің іс-әрекетінің нақты табиғатын, әлеуметтік қауіптілігін сезіне алмаған әрі өзін-өзі басқара алмады. Ол тергеу мен соттың алдына да келе алмайды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде қолдану ұсынылады, деп хабарлады сот.

Қорытынды негізінде сот іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарды, әйелді мәжбүрлеп емдеу үшін мамандандырылған психиатриялық ауруханаға жіберді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!