Алматы облысында оқиға орнынан бой тасалаған кісі өліміне күдікті азамат ұсталды

17:13, 30 қазан 2018
377

Алматы облысының полицейлері қойшыны өлтіріп, оқиға орнынан із суытып, бос қалған қыстақтарда бой тасалаған күдіктіні қолға түсірді деп жазады zakon.kz.

27 қазанда Жамбыл ауданының полицейлеріне Матыбұлақ ауылының маңындағы шаруақожалықтарының бірінде адам өлімінің орын алғаны туралы хабар жеткен. Оқиға орнынан қинап өлтіру белгілері бар 43 жастағы әйел адамның мәйіті табылды.

Шаруақожалықтағы жұмысшылардың айтуынша, марқұм санаулы күн бұрын азаматтық некедегі жолдасымен қатты жанжалдасқан. Дегенмен, полицейлер келгенше әйелдің азаматтық жолдасы белгісіз бағытта із суытқан.

«Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, жақын маңды толығымен қарап шықты. Сол маңнан өтетін барлық автожолдар толық тексерілді. Екі тәуліктен соң бұған дейін әртүрлі қылмыстары үшін бірнеше рет сотты болған ер адам елдімекендерден қашық елсіз далада ұсталды. Күдіктінің осы уақытқа дейін тәртіп сақшыларынан бой тасалағаны анықталды. Қазіргі таңда ер адам Жамбыл ауданының полициясына жеткізілді және қамауға алынды»,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ведомствода кісі өлімі дерегі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, Қылмыстық кодексті 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!