Алматы облысында мас жүргізуші төрт оқушыны қағып кетті

12:20, 3 наурыз 2021

© Сурет: kt.kz

Алматы облысында мас жүргізуші жол жиегіндегі тұрған төрт оқушы қызды қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылы 2 наурызда сағат 18.40-та Уаз автокөлігін тізгіндеген 54 жастағы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежеде) Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қилыстағы жол шетінде тұған екі 8 жасар және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті, - дейді полициядағылар.

Соққы салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды. Жүргізуші медициналық сауықтыру пунктіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 2-бөлімі, "Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!