Алматы облысында ломбард тонаған екеу ұсталды

© Сурет: Instagram/police_almobl
Алматы облысының полиция қызметкерлері бір миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстағы базарлардың біріндегі ломбард қожайыны 19 қаңтарда Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне арызданды. Ол 1 000 000 теңге сомасындағы алтын зергерлік бұйымдардың ұрланғанын жеткізді.
Оның айтуынша, есік бұзылған, ұрлық 2021 жылдың 31 желтоқсанынан 2022 жылғы 6 қаңтар аралығында жасалған.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ізкесушілер бір тәулік ішінде бұрын ұрлық үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 28 жастағы Қарасай ауданының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олардың бірі ұсынылған дәлелдерден соң 6 қаңтарға қараған түні ұрлық жасағанын мойындап, ұрланған заттарды шығарды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Жәбірленуші полицейлерге құқық бұзушыларды тез ауыздықтағандары үшін алғыс білдірді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:54, 25 мамыр 2022
Швеция мен Финляндия Түркия талабын орындамайынша НАТО-ға ене алмайды – Анкара
-
23:50, 25 мамыр 2022
БАӘ-де маймыл шешегіне шалдыққан бір адам анықталды
-
23:37, 25 мамыр 2022
Оқыс оқиға кезіндегі Шымкент тұрғынының әрекеті көпшілікті тәнті етті
-
23:15, 25 мамыр 2022
Оралда баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр
-
22:43, 25 мамыр 2022
Маңғыстауда жол апатынан жеті түлек зардап шекті. Екеуінің жағдайы өте ауыр