Алматы облысында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды

11:35, 27 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Алматы облысы Балқаш ауданында Қызыл кітапқа енген жануарды аулаған браконьерлер ұсталды.

Алматы облысының полицейлері заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеуге мүмкіндік беретін барлық қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды.

Ұсталғандар заң аясында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін қосымша тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, 26 қыркүйек күні сағат 08:30-да Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы ПД ЖПҚБ және "Охотзоопром" РМҚК бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, нәтижесінде Бірлік ауылының маңындағы Қонаев – Бақанас – Қараой автожолында УАЗ автокөлігін басқарған Жетісу облысының 58 жастағы тұрғыны ұсталды.

Көлік құралын тексеру кезінде автокөліктің салонынан тіркелген ойық ұңғылы және тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ болжам бойынша Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының ұшасы табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар көлікте үш жолаушы болған. Анықтау барысында олардың аң аулауға лицензиясы болмаған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!