Алматы облысында күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті

09:15, 24 мамыр 2018

Алматы облысында күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметтеріне қарағанда, 23 мамыр күні секундына 18 метр жылдамдықпен соғып, екпіні секундына 25 метрге жеткен күшті желдің салдарынан Жаркент қаласының Панфилов ауданындағы Ибраймолдаева №46 мекенжайында орналасқан Н.Крупская атындағы орта мектептің шамамен 400 метр көлеміндегі шатырын жұлып кеткен.

Әзірге аталған оқиғаның салдарынан зардап шеккен немесе мерт болғандар жоқ. Комиссия өкілдері оқиға орнына 24 мамыр күні шықпақ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!