Алматы облысында көші-қон полициясының қызметкерлері парамен ұсталды

12:49, 17 сәуір 2018
453

Алматы облысы Іле ауданының көші-қон полициясының инспекторы мен бөлім басшысы парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іле ауданының көші-қон полициясының инспекторы мен бөлім басшысының үстінен ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы және 394-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, материал сотқа жетті», деп мәлімдеді Алматы облысының соты.

Аталған іс Іле аудандық сотында 19 сәуір күні қаралады.

Ведомствоның мәліметінше, көші-қон полициясының инспекторы 120 мың теңге пара алып тұрған жерінен ұсталған.

Ал бөлім басшысы оқиға орнынан қашып кетіп, артынша қолға түскен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!