Алматы облысында көлік жүргізушісіне пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды

19:31, 15 мамыр 2020

Алматы облысында полицейлер көлік жүргізушісіне пышақ жарақатын салған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 14 мамыр күні "Алматы-Сарыөзек" автожолының 159-шақырымында Қарашоқы ауылының тұсында Жамбыл ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасалған.

Қарақшылық кезінде зардап шегуші бірнеше пышақ жарақатын алып, күдікті оның автокөлігін мініп, оқиға орнынан із суытқан. Тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде қылмысқа қатысы бар тұлғаны анықтап, бой тасалаған күдіктіні ұстады.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының 1998 жылы туған тұрғыны күдікке ілінді. Ең алдымен зардап шегушінің автокөлігі Сарыөзек кентінің маңында алдыңғы дөңгелегі жарылған күйде табылды. Бірнеше сағат өткен соң қарақшылық жасады деген күдікке ілінген азамат Үштөбе қаласында қолға түсті. Ол кінәсін толық мойныдады", - деп хабарлады Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ербол Айтқалиев.

Қазіргі уақытта адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайы анықталатын болады. Ұсталған күдікті аукдандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!