Алматы облысында КамАЗ-ға соғылған Nexia жүргізушісі көз жұмды

09:25, 17 сәуір 2019

Қайғылы оқиға сәуірдің 16-сы күні сағат шамамен 15:00-де Алматы облысындағы Тұрар ауылы тұсындағы тас жолда орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жаңбырлы күні үлкен жылдамдықпен жүрген Daewoo Nexia жүргізушісі жолдың жайлап бұрылатын жерінде көлігін тізгіндей алмай, сырғып кеткен жеңіл мәшине қарсы бағыттағы жолдың жиегінде тұрған КамАЗ-ға келіп соғылды.

Nexia жүргізушісі сол жерде-ақ жан тапсырды. Оның бес жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бес жолаушының екеуі бала.

Nexia тозған қысқы дөңгелекпен жүрген екен, ал спидометрінің тілі сағатына 120 шақырым деген белгіде қатып қалыпты.

Соққы болған сәтте КамАЗ жүргізушісі бұзылған көлігінен аулақтау жерде болған, ал кабинада отырған оның ұлы дін-аман қалды.

Жол полицейлері мән-жайды анықтауда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!