Алматы облысында ер адам әйгілі спорттық брендтегі аяқ-киімдерді қолдан жасаған

10:33, 25 мамыр 2020
502

Алматы облысының тұрғыны әйгілі брендтегі спорттық аяқ киімдерді қолдан жасаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Adidas", "Nike" және "Reebok" тауарлық белгілерін заңсыз пайдалану фактілерін анықтады. 1982 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматы жалған спорттық аяқ киім жасап, осылайша Adidas AG (Германия) және Adidas International Marketing BV (Нидерланды) компанияларына 19 миллион теңге көлемінде залал келтірді, деп хабарлайды ҚР ҚМ КФМ.

Қойманы тінту кезінде әйгілі компаниялардың түпнұсқа өнімдеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорттық аяқ киім (кроссовкалар) табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 222-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс тергелді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!