Алматы облысында елдің үздік полицейлері марапатталды

12:21, 11 қыркүйек 2019
439

5-6 қыркүйекте Ақтау қаласында өткен Х "Парасатты полицей" республикалық байқауында бас жүлде иеленген Алматы облысы Полиция департаментінің "Жетісу арландары" командасын полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов қабылдап, жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәні мен мағынасы зор республикалық іс-шараның бас жүлдесін иелену зор абырой деп білемін. Былтыр ұйымдастыру ісіне жұмыла атсалысып, жоғары деңгейде өткізгенбіз. Биыл сол байқауда үздік шыққан департаментіміздің қызметкерлеріне алғысымды білдіремін. Олар департаменттің ғана емес, жер жаннаты Жетісудың абыройын арттырды. Осы жеңіске өз үлесін қосқан барлық қызметкерлердің еңбегі мен үміті ақталды", - деді Алматы облысының бас полицейі М. Ұрұмханов.

Сонымен қатар, салтанатты шараға Полиция департаментінің жеке құрамымен қатар, қалалық және аудандық полиция бөліністері бейне-конференц байланыс арқылы қатысты. Қызметкерлерінің қатысуына жағдай жасаған бөлініс басшыларының еңбегі ерекше аталып өтті.

Конкурстың бас жүлдесін иегерлеріне полиция генерал-майорының алғыс хаты табысталып, сыйақы берілді. Сондай-ақ, облыстық бас полицей топтың әр мүшесіне сағаттар тарту етіп, істеріне сәттілік тіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!