Алматы облысында екі мектеп оқушысы із-түзсіз жоғалып кетті

13:46, 19 ақпан 2018

Алматы облысында полиция Нұрбек Сейтхан және Александра Плигина есімді кәмелетке толмаған екі жасөспірімге іздеу салды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ІІД Facebook желісіндегі хабарламасына сілтеме жасап.

Сонымен, 2017 жылы 16 желтоқсанда Талдықорған қаласында тұратын 17 жастағы Нұрбек Сейтхан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қазіргі уақытқа дейін жасөспірімнің қайда екендігі белгісіз.

Жоғалған мектеп оқушысының белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, қысқа қара шашты, тік мұрынды, көзі қара, қасы қара. Қара көк түсті күртеше киген, қара бас киім, қара шалбар және қысқы етік киген.

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болғандар Талдықорған ІІД-нің кезекші бөліміне: 8-7282-608067 (68), Алматы облысы ІІД-нің іздестіру бөліміне: 8-7282-608233 немесе кез келген полиция бөлімшесіне «102» телефоны арқылы хабарласыңыздар.

Сонымен қатар 16 жасар Александра Плигинаға іздеу жарияланды. Ол 2018 жылдың 8 қаңтарында үйден шығып, қайта оралмаған. Бойжеткен Талғар ауданы, Ақтас ауылында тұрады. Қазіргі уақытқа дейін қайда екендігі белгісіз.

Белгілері: бойы 160-165 см., дене бітімі орташа. Бойжеткен үстіне қара көк түсті күртеше мен бас киім киген. Көк түсті шалбар, сұр түсті кроссовки. Сол жақ көзінде кішігірім тыртығы бар.

Бойжеткеннің қайда екендігі туралы ақпараттан хабардар болғандар Талғар аудандық ІІД кезекші бөіліміне, 8-727-295-61-05, 8-72774-2-10-61 немесе «102» нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!