Алматы облысында әйел адам күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды

11:55, 9 қазан 2018

Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікпен 52 жастағы әйел адам қамаққа алынды, деп жазады zakon.kz.

Оқиға Талғар ауданында орын алды. Қазан айының 8 күніне қараған түні Бесағаш ауылындағы үйлердің бірінде 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары кісі өліміне қатысы туралы дәлелдермен күдікті ретінде марқұмның азаматтағы некеде тұрған әйелін ұстады.

«Бүгінгі таңда ұсталған әйел адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Жанжал ішікдік ішу барысында туындаған жанжал салдарынан орын алған. Болжам бойынша, асүй пышағы қылмыс құралы болып тергеу материалдарына тіркелді және айғақзат ретінде тәркіленді»,- деп хабарлайды Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша жүргізілуде. Бұл іс қазіргі уақытта Талғар ауданы полицейлерінің өндірісінде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!