Алматы облысында биыл 379 мыңнан астам оқушы мен студент қашықтықтан оқуда

11:39, 22 қазан 2020
350

Алматы облысында білім беру саласында биылғы жылы 350,5 мың мектеп оқушысы мен колледждердің 28,8 мың студенті қашықтықтан оқытудың жаңа форматына көшті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарының алдында өңірдің дамуы туралы есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов айтты.

Есеп барысында айтылғандай, облыстың барлық 760 мектебі интернет желісіне қосылған, оның 527-сінде (69,3%) жоғары жылдамдықты интернеті бар. Осы мақсатқа биылғы жылы облыстық бюджеттен 522 млн.теңге бөлінді.

75,7 мың бірлік компьютерлік техниканы сатып алуға 12,6 млрд.теңге бөлінді, соның ішінде РБ – 8,6 млрд., ЖБ–4,0 млрд. теңге. Жеткізу 30 қазанға дейін аяқталады.

23,7 мың мектеп компьютері мұқтаж жандарға уақытша пайдалануға берілді. Демеушілік қаражат есебінен 2110 бірлік ұйымдастыру техникасы берілді.

Ағымдағы жылы 32 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 23 мектеп, оның 17-сі үш ауысымның орнына.

1-ші қазанда алты мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы екі мектеп пайдалануға беріледі, қалғандары 2021 жылы аяқталады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!