Алматы облысында банк картасынан ақша ұрлау дерегі әшкереленді

20:28, 9 шілде 2020
476

Көксу ауданы полициясының кезекші бөліміне 64 жастағы ер азамат хабарласып, өзінің жақында банк карточкасының ұрланғанына және картадағы 130 мың теңге ақшаның қолды болғанына арызданған. Зардап шегуші картаны өз бетінше тауып, қалпына келтіруге тырысқан, алайда әрекеті сәтсіз болған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала тексеру барысында тәртіп сақшылары карта иесінің жақын күндері өзен бойында екі күн демалғанын және жақын таныс емес азаматтың сөмкесіне картасы мен оның құпия кілті бар конвертті салып қойғанын анықтаған. Сондай-ақ, бейтаныс жан оқиға орнынан белгісіз бағытта із суытқан. Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Бұлтартпас айғақтар арқасында күдікті карта мен құпия сөзін алған соң картадағы барлық соманы шешкенін және өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, полицейлер азаматтарды бейтаныс немесе сенімді емес адамдарға өздерінің банк карталарын мен олардың құпия сөздерін сеніп тапсырмауға шақырады. Өйткені, оның арты ақша жоғалуына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!