Алматы облысында ауылдастарының малын ұрлаған топ құрықталды

17:32, 26 наурыз 2019

Алматы облысының полицейлері Балқаш ауданында ауылдастарының малын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық топ 3 адамнан құралған. Топ мүшелері бұған дейін сотталмаған. Қазіргі уақытта олардың мал ұрлығының екі дерегіне қатысы бары анықталды. Олардың биыл қаңтар және ақпан айларында жайылымдағы екі жылқыны айдап әкеткендіктері дәлелденді.

"59 жастағы азамат және оның 25 жастағы баласы мен 27 жастағы танысы мал ұрлығы бойынша екі дерекке қатысы бар деген күдікке ілінді. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің өңірде орын алған өзге де қылмыстарға қатысы бары анықталуда. Күдіктілер мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды", - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, мал ұрлығының алдын алу және қылмыстарды ашуға бағытталған арнайы шаралар барысында соңғы екі апта ішінде облыста 70 жуық қылмыс ашылған. Оның ішінде 29 ұрлық бұған дейін орын алған қылмыстар санатына жатады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!