Алматы облысында аты-жөнін үш рет өзгерткен әккі бойжеткен ұсталды

16:41, 23 қазан 2020

Соңғы аптада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне Есік ауылы мен жақын жатқан елді мекендер дүкендерінің алты сатушысы жүгініп, өзін дүкен иелерінің туысы болып таныстырған және алдау жолымен сенімге кіру арқылы түрлі маркалы темекі блоктарын қолды қылып, қайта сатқан бейтаныс әйелге қатысты арызданған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Талғар қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тергеушілердің анықтауы бойынша ол тегін үш рет өзгертіп, алаяқтық әрекеттері үшін 13 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сонымен қатар ол еш жерде жұмыс істемейді.

Күдікті барлық алты алаяқтық дерегін мойындады.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, полиция күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасына телефон арқылы жүгінуге болатындығын хабарлайды : 8 –(72755) - 4 14 94 және 4 01 16. Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3, 4-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!