Алматы метросының Райымбек батыр стансасы үш күнге жабылады

12:52, 25 қыркүйек 2020

Алматыда Райымбек батыр метро станциясы үш күнге жабылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті жолаушылар, сағат 18: 00-ден бастап 25-27 қыркүйек аралығында Райымбек батыр метро станциясы техникалық себептерге байланысты жабық болады. Барлық жолаушылардан Жібек-Жолы станциясынан Мәскеу станциясына дейінгі аралықта жол бағдарын алдын-ала жоспарлап алуды сұраймыз, - деді Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі.

Онда құрылыс жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ стансаның жаяу жүргіншілер өткелдерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!