Алматы мен Нұр-Сұлтанда үй қымбаттайды – экономист Дәулет Мұқаев

14:53, 18 қаңтар 2021
517

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 721 мың адамға ақша түскен кезде, ол үй бағасының өсуіне ықпал етеді. Өйткені бұл – нарықтың заңы, деген пікір айтылды.

Әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтанда үй бағасы қымбаттайды. Зейнетақы қорынан ақша алатындардың басым бөлігі мұнай компанияларында жұқмыс істейтіндер, оны жасырмау керек. Мұнайлы аймақтарда тұратын адамның сол жерде үйі бар, сондықтан олар үйді Алматы немесе Нұр-Сұлтан қалаларынан іздейді. Осылайша, екі қаладағы үй бағасы қымбаттайды,- дейді "Qazaqstan" арнасының "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат берген Дәулет Төлеутайұлы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!