Алматы маңында көлік жол жиегіне ұшып кетіп, жүргізуші көз жұмды

14:58, 12 желтоқсан 2019
322

Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылы маңында адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол апаты Қапшағай тас жолынан ауылға қарай бет алатын Батталханов көшесі бойында сағат 11.00 шамасында болған. Кілт бұрылыста Toyota Windom жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне ұшып кеткен. Көлік ағашқа бірнеше рет соғылып, құзға ілінген күйі қалған.

Негізгі соққы жүргізуші тұсқа келген. Әбден жаншылған жүргізуші дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды.

Барлық жағдайды Алматы облысының жол полициясы анықтап жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!