Алматы маңында ірі жол апаты болып, бір жолаушы қаза тапты

09:46, 18 сәуір 2019

Түнгі сағат 02:00 Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында адам өлімімен аяқталған ЖКО болды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәлімет бойынша, Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі қалаға қарай бағыт алған. Ават ауылына жетпей түзу жолда бірақ, жарықтандырылмаған аумақта жүргізуші қарсы жолақты кесіп өтіп, трассадан ұшып кеткен. Ол алдымен бір ағашқа, сосын тағы біреуіне соғылып, артынша аударылып бұталардың ортасына құлаған. Жерде үюлі жатқан топыраққа соғылған Hyundai ауаға көтерілген сыңайлы, себебі екінші ағаштың зақмыданған орны мен көлік бөлшектерінің ілініп қалған аумағы екі метрден жоғары жерде орналасқан.

Жүргізуші мен екі жолаушы жақын маңдағы ауруханға жеткізілді. Ал үшінші жолаушы медицина қызметі келіп жеткенше көз жұмған.

ЖКО жай-жапсарын жол полициясының қызметкерлері анықтап жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!