Алматы маңына қосымша 82 блок-бекет қойылды

12:18, 19 наурыз 2020

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге мегаполистің шыға берісіндегі бақылау-өткізу пункттеріндегі жағдайға байланысты селекторлық жиын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жетісу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, карантиндік жағдай бақылауда.

Кеше кешкісін ондағы жағдайды өз көзімізбен көріп, жағдаймен жіті таныстық. Тосқауыл бекеттері орнатылған, барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өз кезегімізде, қаладан бес шақырым радиуста облыс аумағындағы республикалық маңызы бар барлық жолдар мен елді мекендердің шыға берісіне қосымша 82 тосқауыл-бекетін орнаттық. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. Аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметкерлері кезекшілікке қойылып, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, - деп атап өтті Амандық Баталов.

Тұрғындар бұл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет шара екенін түсінеді. Карантин вирустың таралу тізбегін жоюға және алдын ала шара қабылдауға мүмкіндік береді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!