Алматы қысқа қаншалықты дайын

16:18, 9 желтоқсан 2025

© Сурет: Алматы әкімдігі

Алматыда апта басы шағын жауын-шашынмен басталды. Синоптиктер қысқы аяздың жақындап қалғанын болжауда. Осығын орай Zakon.kz тілшісі қала билігінің қытымыр қысқа дайындығын зерттеп көрді, толығырақ ақпаратта.

Қалаға қар түспесе де 1 қазаннан бастап барлық коммуналдық кәсіпорындар сақадай сай болып, тәулік бойы үш ауысымдық жұмысқа көшкен.

Алматы әкімдігінің ақпаратынша, қар тазалауға 2 710 жол жұмысшысы тартылған, олардың барлығы суықта жұмыс істеуге арналған арнайы қысқы киіммен қамтамасыз етілген. Ал, қар көп түскен жағдайда қосымша 2 мың жұмысшы күшін тарту жоспарланған.

Сурет: Алматы әкімдігі

"Қызметкерлердің демалып, жылы жерде болуын қамтамасыз ету үшін арнайы жатын және демалыс орындары әзірленді. Кәсіпорын екі модульдік пункт сатып алды, әрқайсысында 12 төсектік орын бар, сондай-ақ қосымша 2 тұрғын үй берілген, барлығы 100 адамға арналған. Бұл орындар жүргізушілерге, жұмысшылар мен механизаторларға жылы жағдайда болуға, демалуға және ауа райы нашарлаған кезде жедел жұмысқа шығуға мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.

Әкімдік қорында қар тазалау үшін 1000 бірлік арнайы техника бар. Бұдан бөлек, қосымша 200 самосвал мен 30 жүк тиегіш дайын тұр.

Жергілікті билік мәліметі бойынша, қар мен мұзға қарсы материалдар қоры да жеткілікті: 52,6 мың тонна құм мен 36,2 мың тонна тұз.

"Қалада 24 өндірістік база бар, қар мен мұзға қарсы материалдардың қоймалары бар, сонымен қатар қосымша 22 құм базасы бар. Осыған байланысты жұмыс орындарына максималды қашықтық 3–4 км аспайды. Арнайы техника, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары жеткілікті болғандықтан, барлық аумақтарды қар мен мұзға қарсы материалдармен өңдеу тез әрі тиімді жүзеге асырылады", – деп хабарлады әкімдік.

Сурет: Алматы әкімдігі

Сондай-ақ, Алматы әкімдігі шатыр мен үй ауласын қардан, мұздан және басқа ластанулардан тазалау қызмет көрсететін ұйым (мүлік иелерінің кооперативі, мүлік иелерінің бірлестігі немесе басқарушы компания) арқылы айына кемінде бір рет жүргізілуі керек екенін атап өтті.

Бұл міндет "Үйді күтіп ұстау жылдық шығын сметасын есептеу әдістемесі" құжатында көрсетілген (1-бөлім, 5-пункт). Онда жер учаскесін және үй ауласын санитарлық жағдайға келтіру, соның ішінде жасыл желектерді отырғызу, күту және қырқу, қоқыс арнасын тазалау, кәріз шұңқырларын тазалау, аула дәретханаларын тазалау және ағарту, жапырақ, қар және мұзды тазалау, соның ішінде шатырдан тазалау жұмыстары міндеттелген.

Яғни, қызмет көрсететін ұйым тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жалпы мүлікті сақтау мақсатында шатыр мен үй ауласын қардан, мұздан және басқа ластанулардан дер кезінде тазалауға жауапты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!