Алматы кәсіпкерлері Ashyq жобасына қалай өтініш бере алады

16:30, 8 сәуір 2021
959

© Сурет: facebook

Бүгін Алматы қаласы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмағамбетов өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Ashyq пилоттық жобасына қатысуға өтінім беру алгоритмдері туралы айтты.

Айтуар Қошмағамбетов мобильді қосымшаны әзірлегендердің деректеріне сәйкес 6 сәуірдегі жағдай бойынша Ashyq қосымшасын 125 000 пайдаланушының жүктеп алғанын, барлығы 374 QR-код берілгенін, оның ішінде жобаға қатысушылар санының Нұр-Сұлтанда — 91, Қарағандыда — 39, қалғандарының Алматыда екенін айтты.

Бүгінде, 8 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің сайтындағы тізімде пилоттық жобаға 264 бизнес нысандардың қатысатыны, бір қатысушы өтінімінің өңделіп жатқаны, 92 қатысушы QR-кодын алу сатысында екендігі жарияланған.

Пилоттық жобаның арқасында Алматыда қызыл және сары мәртебесі бар 19 келуші анықталды. Жалпы, 17 қаңтардан 5 сәуірге дейін республика бойынша қызыл мәртебесі бар 273 азамат анықталды.
Айтуар Қошмамбетов "Ashyq" қосымшасымен жұмыс істеу үшін кәсіпкерлердің қандай кезеңдерден өтулері тиіс екенін атап өтті.

Ол үшін Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына Яндекс платформасындағы https://forms.yandex.ru/u/606c52b490a6660c706590fb үлгіні толтыру арқылы өтінім беру қажет. Өтінім беруге арналған сілтемені біздің "Бизнес штаб Алматы" телеграмм-арнасынан табуға болады.

Барлық өтінімдер берілгеннен кейін ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) сәйкестігі тексеріліп, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісіледі.

Бұдан әрі тексеру мен мақұлдаудан кейін берілген өтінімдер QR-код жүктеуге рұқсат беруге жіберіледі. Рұқсат алғаннан кейін өтінім берушілер электронды платформада QR код алу нұсқаулығына сәйкес QR-кодты InfoKazakhstan.kz сайтынан жүктей алады.

Жаңадан қатысушылар бір апта бойы білімдерін жетілдіреді әрі тестілік режимде жұмыс істейді. Бір аптадан кейін тестілік режим негізінде жаңадан қатысушылар әкімдік сайтындағы тізімге енгізіледі.

"QR жүктеуге рұқсат беруге өтінімдері бір күнде 2 рет сағат 12.00 және 18.00-де жүргізіледі. Әкімдік сайтындағы қатысушылар тізіміне енгізу аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі", — деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Нысан ЭҚЖЖ кодына сәйкес келмесе немесе кәсіпкерлік субъектінің жұмысына тыйым салынса, онда Ashyq жобасына қатыспайды.

Мысалы, кинотеатрлардың иелері қосымшаны бастау үшін жиі хабарласады. Қошмағамбетовтың айтуынша, бұл мәселе қаралуда, жаңа қаулы шыққан жағдайда кинотеатрлар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандар тізіміне енгізілуі мүмкін. Спикер оларға бизнесті бастау туралы өтінішімен бизнестің 15 бағытының өкілдері жүгінгенін айтты.

Сонымен қатар, Ashyq жобасының аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мынадай жағдайларда жобадан шығарылады: мониторингтік топ объектісінде жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзу фактілері расталса (жоба туралы инфоплакаттардың, кіруге және шығуға арналған QR-кодтың болмауы; әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтамау, белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеу); объект 3 күннен артық келушілерді check-in жүргізбеген жағдайда; объектінің апталық статистикасын алу кезінде бір апта ішінде сканерлеудің орташа санының 70%-дан астам нормадан ауытқыған кезде.

Ashyq жобасы кәсіпкерлік нысандарды: фитнес-клубтарды, спа-орталықтарды, сауналарды, бассейндерді, кинотеатрларды, қоғамдық тамақтандыру орындарын, компьютерлік және боулинг-клубтардың жұмыстарын толық жабудың және олардың жұмысына қойылған шектеулердің кейбіреуін алып тастаудың баламасы ретінде іске қосылды. Басқа кәсіпорындар Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс істей алады, өйткені бұл бизнес нысандарына жалпы эпидемиологиялық жағдайға тәуелділігін азайтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!